Мешіт жамағатына Ихсан ілімі насихатталды 1472

Мешіт жамағатына Ихсан ілімі насихатталды

29 наурыз 2022 92 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен Шалқар ауданының наиб имамы Асан Жетпісбай мешіт жамағатына ихсан ілімі аясында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында наиб имам Ихсан ілімі аясында Құран Кәрімдегі екі өмірде де асыл мақсат-мұраттарына жететін нағыз мұсылмандардың бірқатар сипаттары баяндалған «Әл-Муминун» сүресінің бастапқы аяттарын тәпсірлеп, жиналған ауыл жастарына уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар Бас имам: «Нағыз мұсылман адам – Алланың бұйырған парыздарына берік болып, тыйған тыйымдарынан бойын аулақ ұстайды. Ал пайдасыз істерден аулақ болып, өзіне сеніп тапсырылған аманат пен міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, берген уәдесіне берік болады», - дей келе осы қағидаларды ұстанса, мұсылмандар екі өмірде де мақсат-мұраттарына жететіндігін баяндап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі