«Рамазанға рухани дайын бол» атты білім сайысы ұйымдастырылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспары аясында Мұғалжар ауданында Қандыағаш қалалық «Қадірәлі ата» мешітінде «Рамазанға рухани дайын бол» атты білім сайысы ұйымдастырылды.
Аталған білім бәйгесі алты кезең бойынша өтті.
Бірінші кезеңде: Құранның сүрелерің атауы бойынша табу; Екінші кезеңде:Оразға қатысты сұрақтар; Үшінші кезеңде:Тыңдау арқылы Құран сүрелерің табу; Төртінші кезеңде:Дәрет бабына қатысты сұрақтар; Бесінші кезеңде:Тәжуид ержелеріне қатысты сұрақтыр; Алтыншы кезеңде:Сурет арқылы қиссаны табу.
Әр топтан алты кезеңге жеребе арқылы бір адамнан қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша «Қадірәлі ата» мешітінен құрылған топ 16 ұпай бойынша 1 орынға ие болды. Ал ІІ орынды 14 ұпаймен «Бауырлар» тобы, ІІІ орынды 11 ұпаймен «Нұртай» тобы жеңіске жетті.
Ауданның бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман шараға белсенді қатысқан екі адамға ынталандыру сыйлы және алғыс хат табыстады.Шараға қатысқан әрбір қатысушыға және көремендерге діни кітаптар сыйға берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі