«Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап таныстырылып, маңыздылығы практикика ретінде түсіндірілді 6329

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап таныстырылып, маңыздылығы практикика ретінде түсіндірілді

08 мамыр 2026 30 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әл-ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жамағатқа «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапты таныстырып, оның мазмұны мен маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

«Қоғам арасында жаназа және жерлеу рәсімдерін дұрыс, шариғатқа сай орындау мәдениетін қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау» деп имам шараның маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында мәйітті кебіндеу, жуындыру және жаназа намазын оқу тәртіптері тәжірибелік түрде көрсетіп, шариғат талаптарына сай нақты түсіндірді.

Ақтөбе обыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі