Мұғалжар имамдары 2026 жылы атқаратын жұмыстарды пысықтады
Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандық “Нұртай” мешітінде Мұғалжар ауданның имамдарының жиналысы өтті. Ауданның бас имамы Шадман .М аудан имамдарына 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар жан-жақты талқыланап берді.Мұғалжар ауданының бас имамы Шадман М. ҚМДБ-ның төрт бағыты «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша жүйелі әрі ынталы жұмыс жасауға тапсырма берді және имамдарға сәттілік тіледі.








































