Ақтөбе: «Қош бол, Рамазан!» 1648

Ақтөбе: «Қош бол, Рамазан!»

03 мамыр 2022 251 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің мешітінің жанындағы Әйел-қыздар орталығында «Қош бол, Рамазан!» атты іс-шара өтті. 

Іс-шара мешіт ұстаздары Айдана Разақ пен Зейнеп Мұсақызының уағыз-насихатымен басталды. Сонымен қатар «Рамазан» атты монолог оқылып, бүлдіршіндер арасында сүрелерді оқудан сайыс ұйымдастырылды. Одан өзге жиналған қауымға түрлі сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар марапатталды.

Ал жамағат жеребе тастау арқылы бір-біріне сыйлық тарту етті. Рамазан айын мерекелік көңіл-күймен шығарып салған әйелдер қауымы, келесі жылғы қасиетті айда жүздесу нәсіп болғай деген дұға етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі