Бозойда діни сауаттылық тақырыбында кездесу өтті 6800

Бозойда діни сауаттылық тақырыбында кездесу өтті

13 қараша 2026 25 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Қанайбек Салиев «Бозой ЖОББМ» КММ-нің 11-сынып оқушыларымен жүздесті. «Діни сауаттылықтың маңызы» тақырыбында ұйымдастырылған танымдық шарада жастар арасындағы рухани тәрбие мен діни тұрақтылық мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында мешіт имамы ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар қазақ даласынан шыққан тарихи діни қайраткерлердің өмір жолы мен ұстанымдарын үлгі етті.

Жиында жат діни ағымдардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Имам олардың негізгі белгілерін атап өтіп, теріс пиғылды ағымдардан сақтану жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасты. Оқушылар өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, білікті маманнан тұщымды жауаптар алды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі