Ақтөбедегі тарихи мешіттің сыртқы келбеті жарықтандырылып жатыр 6796

Ақтөбедегі тарихи мешіттің сыртқы келбеті жарықтандырылып жатыр

12 қараша 2026 59 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен  еліміздегі тарихи мешіттің бірі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде сыртқы сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда тарихи құлшылық ордасының сыртқы қасбетіне заманауи жарықдиодты (LED) таспалар орнатылып, безендіру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – мешіт ғимаратының сәулеттік келбетін айшықтап, қаланың түнгі көркіне ерекше сән беру.

Алдағы уақытта мешіт аумағы мен күмбез бөліктеріне қосымша қуатты жарықтандыру прожекторларын орнату жоспарланған. Көркейту жұмыстары толық аяқталған соң, орталық мешіттің түнгі келбеті бұрынғыдан да ажарланып, шаһар тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналмақ.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі