РАНТ мүшесі отбасылы құндылығын насихаттады 4874

РАНТ мүшесі отбасылы құндылығын насихаттады

25 қыркүйек 2025 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында бірлік пен ынтымақты арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттау мақсатында тағылымды рухани шара өтті.

Игі шарада РАНТ мүшесі, PhD доктор, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, елімізге белгілі ұстаз Шәмшат Әділбаева арнайы қонақ болып, «Пайғамбар өмірінен өнеге» тақырыбында әсерлі уағыз-насихат айтты. Ол өз сөзінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге деген мейірімі, отбасы тәрбиесіндегі өнегесі және бүгінгі қоғамдағы мұсылман әйелдің рөлі жөнінде терең мағлұмат берді.

Шара барысында Мәуліт айының қадір-қасиеті, Алланың елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудың маңызы түсіндіріліп, тағылымды әңгімелер өрбіді. Сонымен қатар, қатысушыларға түрлі сұрақ-жауап, рухани ойындар ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі