Хромтауда «Пайғамбарлар қиссасы» апталығы өтті 6814

Хромтауда «Пайғамбарлар қиссасы» апталығы өтті

19 қараша 2026 20 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағаты арасында «Пайғамбарлар қиссасы» атты рухани-танымдық апталық ұйымдастырылды.

Апталық аясында қатысушыларға Алла елшілерінің өмір жолы, бастан өткерген сынақтары мен өнегелі істері туралы ғибратты қиссалар айтылып, тарихи деректер ұсынылды. Тағылымды басқосулар барысында пайғамбарлардың көркем мінезі, сабырлылығы, адамгершілігі мен Жаратушыға деген берік иманы кеңінен насихатталды.

Шара аясында әйелдер жамағаты арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар діни-танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін шыңдады. Сонымен қатар мешіт ұстазы Гүлсара Әлібекқызы арнайы уағыз айтып, пайғамбарлар сүннеті мен ізгі қасиеттерін күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығына тоқталды.

«Тағылымды апталық қатысушыларға рухани азық сыйлап, пайғамбарлар тарихын тереңірек танып-білуге жол ашты. Мұндай шаралар әйелдер жамағатының діни сауатын арттырып, имандылық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуге зор ықпал етеді», — деді мешіт ұстазы Гүлсара Әлібекқызы.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі