Бас имам мерекеде балалар үйіне қуаныш сыйлады 3877

Бас имам мерекеде балалар үйіне қуаныш сыйлады

28 қазан 2024 123 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бағыты аясында және еліміздің еңселі мерекесі 25-қазан Республика күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Жетесовтер отбасын зиярат етті. Аталған отбасының ерекшелігі ата-анасыз қалған 28 баланы тәрбиелеп, жетілдіруде.

Бір-бірін жұбайлық өмірде әрдайым қолдап жүретін Өмірхан ағамыз бен Амангүл апайымыз 2009жылдан бері қамқоршысынан айырылған жеткіншектерді бауырларына басып, оларға мейірім беруде. Қазіргі таңда балалардың 7-еуі Астана қаласындағы өнер академиясында білім алуда. Сондай-ақ, республикалық түрлі байқауларда бой көрсетіп, Қызғызстан, Ташкент,Ресей елдеріне қазағымыздың дәстүрлі өнерін паш етіп жүргендігін және айта кетейік.

Аталған отбасыға арнайы барған бас имам отбасы мүшелерімен сүхбаттасып, балалардың дәстүрді берік ұстанып, ана тілімізде анық сөйлеп, үлкенге ізет көрсетер көргенділігіне тәнті болды. Сондай-ақ, олардың өнерлерін тамашалар, болашақтарының жарқын болуын тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Кейін, өнегелі шаңыраққа сый ретінде мұздатқыш тарту етіп, Өмірхан ағамыздың игі ісіне сансыз сауаптар тіледі.