«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының жаңа шығарылымы түсірілді
ҚМДБ-ның республикалық «Мұнара» телеарнасында журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының кезекті шығарылымы түсірілді. Бағдарламаның бұл жолғы қонағы — «Әл-Латиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманқосұлы болды.
Имам сұхбат барысында Ислам дініндегі және біздің қоғамдағы сыйлық сыйлау мәдениеті, оның адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен бауырластықты арттырудағы маңызы туралы кеңінен тарқатты.
Сонымен қатар халық арасында жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, сыйлық берушіге қатысты 7 негізгі әдеп пен сыйлық алушыға қатысты 4 маңызды әдепті жіпке тізгендей түсіндіріп берді.
«Мұнара» телеарнасы «Otau TV» спутниктік желісіндегі 26-шы арнада хабар таратады. "Жұмадағы жүздесу" бағдарламасын әр жұма күні сағат 06:25, 11:30, 19:05 және 22:30-да көре аласыздар. Тағылымды сұхбаттан қапы қалмаңыздар!
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі



































