Жиһаз өндіретін кәсіпорын мұқтаждарды қуантты
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы өтті.
Жасалған жақсылықтың сауабы еселенетін күнде Ақтөбе қаласында орналасқан «Vavilon» жиһаз өндіретін кәсіпорын иелері көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік қоржындарын таратты.
Облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Берікболұлы ислам шариғатындағы садақа берудің сауабы мен артықшылығына тоқталып, қайырымдылық садақасын берілуіне себеп болған жиһаз сатып алушыларға және кәсіпорын иелеріне Алланың разылығын тілеп, садақаларының қабыл болуына дұға жасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі