#Рамазан2026: Алғада 200-ден астам зәмзәм суы мен құрма таратылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Алға аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне аузы берік жандарға 200-ден астам зәмзәм суы мен құрма таратылды.
Акцияның мақсаты – Рамазан айының қадір-қасиетін дәріптеу, жамағат арасында ауызбіршілік пен қайырымдылықты нығайту және ораза ұстаушыларға қолдау білдіру.
Тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































