ЖЕТІ КҮНДЕ ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ХАТЫМ ЖАСАҒАН ҚАРИЛАРҒА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ 5540

ЖЕТІ КҮНДЕ ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ХАТЫМ ЖАСАҒАН ҚАРИЛАРҒА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

07 наурыз 2025 2 Оқу 0 минут

Кеше Астанадағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен тарауық намазында жеті күнде Құран Кәрімді толық хатым жасаған қос қариға ұмра қажылығына жолдама берілді.

Бас мүфти мешіт жамағатына тарауық өткізіп жүрген қарилар Мәлік Айдарұлы мен Нұрболат Әуесханға алғыс білдіріп, демеушілердің көмегімен ұмра жолдамасын табыстады.