Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды 4988

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

07 қараша 2025 252 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жаңа наиб имамы болып Жексенбай Торбаев  тағайындалды.

Жексенбай Жұмадиллаұлы бұған дейін 2013-2016 жылдары Ақтөбе медресесінде арнайы пән ұстазы, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе» медресе-колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Білімі – жоғары. Еңбек өтілі 12 жыл.

2002-2005 жылдары ОҚО Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылындағы «Сарыағаш медресесінде» екі жылдық Ислами шариғат және араб тілі курсы; 2006-2009 жылдары Египет Араб Республикасы, Каир қаласы «Ислам миссиялары» институты; 2007-2008 жылдары Каир қаласында «Нил» араб тілі курсы; 2009-2013 жж. Каир қаласындағы Ал-Азхар университеті «Шариғат және заң» факультеті; 2018-2020 жылдары Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы: 2013-2016 жылдары «Ақтөбе» медресе-колледжінің, 2017-2020 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жетістіктері

2020 жылы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти атынан алғыс хатпен марапатталды;

2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Алға ауданы әкімінің алғыс хатпен марапатталды;

2023 жылы Астана қаласында өткен «Мүфтият үздігі - 2023» жобасының салтанатты шарасында ҚМДБ шешімімен «Үздік медресе ұстазы» номинациясын иеленді.

Жаңадан тағайындалған наиб имам Жексенбай Торбаевты жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі