Жат ағымды қалай ажыратамыз? 2504

Жат ағымды қалай ажыратамыз?

20 ақпан 2023 157 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Жаңақоныс ауылдық округінің мектебіне іс-сапармен барып, жат ағым тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұстаз мектептегі мұғалімдер және оқушылармен кездесу барысында «Жат ағымды қалай ажыратамыз?», "Мектепте ораза ұстауға бола ма?», "Әлеуметтік желідегі уағызшыларды тыңдауға рұқсат па?» атты тақырыптарға жіті тоқталды.

Шара қортындысында ұстаз аталған тақырыптар аясында қойылған сауалдарға тұшымды және толыққанды жауап берді.

Айта кетсек, 2023 жылы ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – Жат ағымнан сақтану.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі