16 отбасыға 320 үйрек балапанымен қайырымдылық қолдау білдірді
27 маусым 2026
12
Оқу 1 минут
Қасиетті жұма күні кезекті қайырымдылық. Қобда ауданының бас имамы Абай Шымболатовтың ұйымдастыруымен Қобда ауданының “1000 батыр” есімімен танымал бір топ азаматтары аз қамтылған, көп балалы 16 отбасыға 320 үйрек балапанымен қолдау білдірді. Сондай-ақ қалай өсіріп жетілдіру керектігін түсіндіріп, әр отбасыға 10 кг дәрумендіі жемдерін қоса берді.






































