Дін қызметкеріне Умраға жолдама табысталды 5835

Дін қызметкеріне Умраға жолдама табысталды

23 қаңтар 2026 151 Оқу 1 минут

Осы жұма күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағаттың алдында игі шара өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы, «Анашым» мешітінің бас имамы, дін саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі имам Орынбай Мәди Орынбайұлына демеушілердің қолдауымен қасиетті Умра сапарына жолдама табысталды.

Айта кетейік, қаланың бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен, өткен жылдың ортасынан бері қала имамдары Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында жұма уағыздарын жүргізіп келді. Бүгінгі игі іс — осы рухани жобаның жалғасы әрі жамағатқа үлгі боларлық өнегелі шаралардың бірі болды.

Орынбай Мәди Орынбайұлы — көп жылдан бері имамдық қызмет атқарып келе жатқан, жамағат арасында сый-құрметке ие, тәжірибелі әрі ардақты дін қызметкері. Оның уағыз-насихаттары талай жанға бағыт-бағдар беріп, рухани тәрбие мен бірліктің нығаюына өз үлесін қосып келеді.

Аталған қасиетті сапар tawaf_travel компаниясы арқылы ұйымдастырылды.

Алла Тағала сапарын қабыл етіп, қызметіне береке, деніне саулық, істеріне игілік нәсіп етсін! Әмин

Берекелі істеріміз арта берсін!