Облыстың Бас имамы тарихи мешітте насихат айтты 5075

Облыстың Бас имамы тарихи мешітте насихат айтты

15 желтоқсан 2025 109 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, жұма уағызын өткізді.

Уағыз барысында «Ата-ана, ағайын-туыстың діндегі орны» тақырыбына жіті тоқталды. Қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңыздылығын кеңінен түсіндірді.

«Ислам діні ата-ананың орны мен қадірін әрқашан ең жоғары дәрежеге көтереді. Өйткені ата-ана – адамның өмірге келуінің себебі, адамдық қасиетті бойға сіңіретін алғашқы тәрбиеші, жүрекке жылу, көңілге медет сыйлайтын ең жақын жандар», – деп облыстың Бас имамы.

Сонымен қатар аталған мешіттің әрбір ісіне қолдау көрсетіп жүрген демеушілер мен белсенді азаматтарға алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетіп, қазақтың салт-дәстүрі  бойынша шапан жапты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі