Жастар ісі секторы воллейболдан сайыс өткізді 3862

Жастар ісі секторы воллейболдан сайыс өткізді

24 қазан 2024 280 Оқу 0 минут

25 қазан Республика күніне орай жамағат арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

ҚМДБ Қобда аудандық Шәріп Молда Мешітінің ұйымдастыруымен, облыстық Жастар ісі секторының қолдауымен «Шәріп Молда» мешітінің жамағат және шәкірттер арасында 25 қазан Республика күніне орай волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Сайыстың басын ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысының жауапты маманы Кәрім Еламан “Ислам және Жастар” тақырыбымен ашып берді.

Ойынның қорытындысы бойынша Талдысай ауылдық жамағаты – бірінші, Қобда ауданы жамағаты – екінші, шәкірттер үшінші орынды иеленді. Орын алған шәкірттер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай салауатты өмір салтын насихаттаған спорт ойындары алдағы уақытта да жалғасын табады.