Облыстың Бас имамы оңалту жұмыстарын пысықтады 1013

Облыстың Бас имамы оңалту жұмыстарын пысықтады

26 қазан 2021 151 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының қатысуымен өңірдегі оңалту жұмыстарын пысықтауға байланысты қала мен ауыл имамдарына және ұстаздарға арналған жиналыс өтті.

Мәжіліс барысында Облыстың Бас имамы «ҚМДБ-ның биылғы негізгі жеті бағыттарының бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсету маңызды»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін атқарылған оңалту жұмыстарына тоқталып, ендігі кезектегі күн тәртібіндегі өзекті мәселерді атап өтті. Одан өзге жыл қортындысына дейін жасалу керек жұмыстарды тапсырды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі