ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: БІР ЖЫЛДА 704 АЗАМАТ ДІНИ ОҢАЛДЫ 2330

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: БІР ЖЫЛДА 704 АЗАМАТ ДІНИ ОҢАЛДЫ

31 желтоқсан 2022 145 Оқу 0 минут

Муфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары 2022 жылы еркіндікте және түзеу мекемелерінде 9928 жеке ықпал ету акциясын (жеке кездесулерді) жүзеге асырды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл баяндады.

«2817 кездесу ҚР ІІМ ҚАЖК түзеу мекемелерінде отырған жат ағым өкілдерімен өткізілді. Аталған акциялар нәтижесінде жалпы 1477 адамға оң ықпал жасалды. Атап айтқанда, 773 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді және жауапты діни оңалту субъектілердің бірлескен қорытындысы бойынша 704 адам оңалып, деструктивті діни ағым (ДДА) идеологиясынан бас тартты деп танылды» деп атап өтті Хасан Аманқұл.