Жастар арасында асық ату және үстел теннисінен сайыс өтті 3830

Жастар арасында асық ату және үстел теннисінен сайыс өтті

16 қазан 2024 166 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Ислам және дәстүр құндылығы” бағыты аясында Ақтөбе қаласы “Қабақ баба” мешітінде “Ұлттық құндылықтар-ел тірегі” атты спорттық шара өткізілді. «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен асық ату, үстел теннисінен жарыс болды. Жарыстың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдағы ауызбіршілікті нығайту, жастарға ұлттық болмысты сақтап, рухани құндылқтарды үйретіп, ел мұрасын сақтап қалуға насихаттау.

Шараға мектеп оқушылары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды, дастархан жайылып ас берілді.

Аталған сайысқа бастамашы болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы және мешіттің ұстазы Нұрадинұлы Нұрбол жарысқа қатысқан барша оқушыларға алғысын білдіріп, рахметін айтты.