«Білім көзі – кітапта» байқауы қорытындыланды. 3829

«Білім көзі – кітапта» байқауы қорытындыланды.

16 қазан 2024 152 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешітінде әйел жамағатына арналған "Білім көзі - кітапта" атты Байқау ұйымдастырылды. Байқау шартына орай әр қатысушы білімнің маңызын насихаттайтын, оқыған кітаптарымен бөлісетін ғибратты әрі сапалы видео ролик әзірлеу керек болатын. Байқау Ұстаздар күніне орайластырылып, 3 күнге созылды. Байқауға 12 қатысушы қатысып, өнегелі видео роликтерінің әрқайсысы орташа есеппен 1200 қаралым жинады.

Бұл байқаудың басты мақсаты: білімге шақыру, кітап оқуға шақыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру еді.

"Бақытжан" мешітінде байқау қорытындыланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен "Бақытжан" мешітінің имамы Е. Мизамов атынан алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.