Мүмкіншілігі шектеулі жандарға мерекелік шара ұйымдастырылды 3831

Мүмкіншілігі шектеулі жандарға мерекелік шара ұйымдастырылды

18 қазан 2024 293 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің ұйымдастыруымен мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған шара өткізді. Шара барысында жайылған ақ дастархан басында Мәртөк аудандық мешітінің наиб имамы уағыз- насихат айтып, бұл күнді ерекше атап өтудің маңызды екенін айта өтті. Және мүмкіншілігі шектеулі деп айтуға келмейтін жандардың өз қолдарынан келетін кәсіп түрлерін бір-бірлеріне көрсетіп, басқаларға үлгі бола білді. Және арнайы осы күнді атап өтуге келген күйшілер ұлттық аспаптармен күйлер айтып көңілдерін көтерді. Шара соңында кәсіпкерлердің қолдауымен күзгі киімдер, азық-түліктер берілді. Және “Зәру” шипажайына шипа алуға сертификаттар табысталып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.