Ақтөбе мешіттерінде 46 500 адамға ауызашарлар берілді 3275

Ақтөбе мешіттерінде 46 500 адамға ауызашарлар берілді

14 наурыз 2024 421 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының басталғаннан бері ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыстық мешіт, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа арнап 46 500 адамға ауызашар дастархандары жайылды. Демеуші жандардың қолдауымен әр мешітте күнделікті 150-200 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасын табады. Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа имамдар құттықтау лебіздерін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар имамдардар әр ауызашар басқосуында ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісіп келеді. Одан өзге әр ауызашарда қасиетті ай туралы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылып, «Оразаға қатысты 150 сұрақ», Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты т.б кітаптар белсенді қатсушыларға тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі