Хромтау: Облыстың Бас имамы студенттермен жүздесті 2492

Хромтау: Облыстың Бас имамы студенттермен жүздесті

15 ақпан 2023 132 Оқу 1 минут

Бүгін Хромтау ауданында «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен кездесті. 

Кездесу барысында Бас имам: «Ислам – қоғамдық негізге құрылған дін. Ал дін жекелеген жанға иман байлығы мен жақсы қасиеттер дарытумен қатар күллі адамзат өмір сүретін қоғамға өркениетті жол көрсетіп, ғылым-білімге, ізгілікке, адамгершілік пен тақуалыққа шақырады»,-дей келе ізгі қоғамның маңыздылығына жіті тоқталды.

«Бауырмалдық – ізгі қоғам құрудың негізгі бастауларының бірі. Алла Тағала Құранда: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят),-деп ер балаларға арналған жүздесуде Серікжан Еншібайұлы жаман әдеттерден аулақ болу арқылы ізгі қоғам қалыптасуына құлшылықтар арқылы адамның рухани тәрбиеленетінін айтты.

Студенттер тарапынан дін мен спорт және фиқһқа байланысты қойылған сауалдарына тұщымды жауап берді.

Сонымен қатар аталған оқу орнында Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы қыз балалармен (студенттермен) кездесіп, ізгі қоғамдағы қыз баланың орны туралы баяндады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қайырымдылық шарасымен жалғасын тапты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі