«ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ 1698

«ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ

11 мамыр 2022 241 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы келісімге орай, 2022-2023 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды.

Емтиханды Түркия Республикасы Дін істері басқармасы Білім беру қызметтерінің бас дирректоры, Кадир Динч, шетелдерде білім беру және нұсқаулық әзірлеу департаменті басшысы Жошкун Дурсун Али, Діни жоғары кәсіби маман даярлайтын орталық департамент басшысы, доктор Абдуррахман Аккуш, сондай-ақ Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы елішілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур қабылдауда.

Биыл елімізден Түркияның «Хасеки» институтына ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарын бітірген 100 студент құжат тапсырған.

Қабылдау емтиханы 3 күнге созылатынын айта кеткен жөн.