«Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 2026 жылғы жоспарына сәйкес, «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша «Ж.Жүсібалиев атындағы ойыл қазақ орта» мектебінде ауданға қарасты ауылдық округі спорт мектебінің жаттықтырушылары және денешынықтыру мұғалімдері мен 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Ақпараттық түсіндіру жұмысына аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдер дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Мұхаметқали Бақберген, Ойыл ауданының бас имамы, АТТ мүшесі Бақжарық Қызырұлы қатысты.
Кездесу барысында жат діни ағымдардан сақтандыру жолдары, ұлттық құндылықтар мен тарихи танымды терең меңгерудің маңыздылығы, діни сауаттылықты арттыру мәселелері айтылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































