«Аяла» орталығындағы балаларға қуаныш сыйлады 5940

«Аяла» орталығындағы балаларға қуаныш сыйлады

15 ақпан 2026 15 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылында халықаралық кітап сыйлау күнінде «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қорғау орталығына әртүрлі мазмұндағы кітаптар тарту етілді. 

Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Панабайұлы шара барысында жүйелі кітап оқудың пайдасымен бөлісті және әрбір кітаптан түйген ой мен алған ғибратты қысқаша жазып отыратын қойын дәптер арнауға кеңес берді.

Одан өзге жазылған білімнің пайдасы кітапты тапсырғаннан кейін де оқырманның жанында қалатындығын түсіндірді. Ал жас оқырмандар кітаптар үшін алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі