Облыс Бас имамы спортшылармен кездесті 3962

Облыс Бас имамы спортшылармен кездесті

25 қараша 2024 214 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамының қатысуымен «Дін және адамгершілік» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Ақтөбе қаласында өткен кездесуге спортшылар, қоғам қайраткерлері, жастар, қауіпсіздік қызметкерлері, әкімшілік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс Бас имамы Амантай Садиев спортшыларға күрес, арқан тарту, садақ ату секілді ұлттық спорттардың барлығы Пайғамбар сүннеті екенін айтып, «Әлсіз мұсылманға қарағанда күшті мұсылман қайырлы» деген хадисті баяндап берді. Сондай-ақ аталған салада жүрген азаматтардың елдің ертеңі мен гүлденуіне, қоғамның ізгі қоғамға айналуына орасан зор үлестерінің бар екенін ескерді. Тәрбиелеп жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеу барысында жауапкершілік пен аманатты сезініп, қазақи дәстүр мен рухани құндылықтарды қоса насихаттау маңызды іс екенін жеткізді.

Ислам дінінің дамуы да жүрегінде иманы бар ержүрек азаматтар мен қайсар тұлғалардың табандылығының арқасында жүзеге асатынын айтып, рухани әрі патриоттық қысиеттерді қалыптастырудың маңызына тоқталды.

Кездесуде қоғам қайраткерлері , спортшылар, қауіпсіздік қызметкерлері, басқа да қонақтар сөз алып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ағалық насихаттарын айтты.