Темір: Облыстық мешіттің ұстазы тарихи мешітте жамағатпен жүздесті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов Темір ауданына барған арнайы іс сапары барысында құптан намазы алдында 100 жылдан асқан Темір қалалық тарихи мешітінде жамағатпен жүздесті.
Кездесу барысында ұстаз «Ауызбіршілік мұсылманның тірегі» атты уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жіті талдап жауап берді.
Темір тарихы мешіті төртбұрышты (10х22 м) екі қабатты құрылыс негізінде қабырғасы өңделген қоңыр текше тастардан балшықпен қаланған. Солтүстік бетінде сегіз қырлы мұнарасы ағашпен жабылып, қаңылтырланған, ұшар басы алты жақты тіктөртбұрыш тәрізді, оған жарты айшық орнатылған. Ішкі беті үш қызмет бөлмесіне бөлініп, орталықтағы екі қабат намаз бөлмесі мен шығар есікке жалғасқан. ⠀
Мешітті 1905 жылы Орынборлық көпес Мәжит Батқұлұлының қаржылық көмегімен Темір қаласында бой көтереді. Діни сауатты имандылықты уағыздаушы Ахмет Халфе мешітке ие болып қызмет етеді. Ахмет Қазан, Уфа медресесін тәмамдап, Халфе атағын алған діни білімі жоғары адам болған. Ол 1926 жылы Уфада өткен мұсылмандар съезінің делегаты. Ахмет Халфеге Батыс Алаш орда үкіметі діни басқармасының төрағасы болған. Ахмет Байтұрсынов пен Мұстафа Шоқайдың досы Сағидолла Ізтілеуовпен бірге халық арасында дінді насихаттадың деген айып тағылып 1937 жылы ату жазасына кесіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































