ХII республикалық Құран жарысының Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті 2898

ХII республикалық Құран жарысының Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті

01 қыркүйек 2023 143 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХII республикалық Құран жарысының Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу сайысы Құран Кәрімнің 10, 20 парасы, толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Сайыс қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 20 және басқа облыстан 8 үміткер онлайн қатысып, бақ сынады.

Құран жарысының іріктеу сайысына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы әрі «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов қазылық етті.

Әділқазының шешімімен ХII Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жеңімпаздары белгілі болып, ақтық сайысқа жолдамалар табысталды:


Жолдамалар

Толық Құраннан жолдама – Тасболатов Бекзат;

20 парадан жолдама – Ерәлі Құлмағанбетұлы;

10 парадан жолдама – Нұрислам Кабат;

Мәнерлеп оқудан жолдама – Ислам Мұхтар.


Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жолдама алғандар 2023 жылы Ақтау қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХII Республикалық Құран жарысында Ақтөбе өңірінің атынан бақ сынайды. Қариларға сәттілік тілейміз! Алла жар болсын!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі