Хромтау: «Жат ағымның арбауына алданба» тақырыбында дәріс өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспары аясында Хромтау ауанының бас имамы Ерік Сұлтанов мектеп оқушыларына «Жат ағымның арбауына алданба» тақырыбында дәріс оқыды.
Оған 4 мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукажанова Айгүл пен 9,10,11сынып оқушылары қатысты.
Дәріс барысында ауданның бас имамы түрлі адасушы ағымның арбауына алданбау жолдарын айтып, дәстүрлі дін мен ағымдардың аражігін айтып өтті.
Екі тілде өрбіген ақпараттық түсіндіру жұмыстары өте әсерлі және түсінікті болды деп ұйымдастырушы мен спикерге қатысушылар алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі