#Zeketten: Ауыл балаларына арналған жаңа оқу орталығы ашылды 5374

#Zeketten: Ауыл балаларына арналған жаңа оқу орталығы ашылды

15 маусым 2025 2 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Астана қаласына жақын орналасқан Пригород елдімекенінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасылардың балаларына арналған жаңа оқу орталығы өз жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, балалар мен ата-аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Жаңа орталықта балалар үшін ағылшын тілі курсы, домбыра үйірмесі, спорттық секциялар, тігін ісі, жиһаз жасау, дәнекерлеу, этно-дизайн, DTF және шелкография секілді түрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттайтын арнайы бөлме мен кеңес беру қызметі де қарастырылған.

Барлық үйірмелер мен сабақтар тегін өткізіледі. Қайырымды жандардың қолдауымен орталық қажетті оқу құралдары, жабдықтар және жаңа кілемдермен қамтамасыз етілген.

Ауыл тұрғындары мен ата-аналар бұл игі жаңалықты ерекше қуанышпен қарсы алып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Ашылу күні балаларға үстел теннисі жабдықтары, волейбол және баскетбол доптары тарту