ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ 1910

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

11 шілде 2022 62 Оқу 1 минут

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Нуриддин Холиқназаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, арнайы хат жолдады.

«Сізді және өзіңіз басшылық ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымын, барша қазақстандық  мұсылман жамағатын ұлық мейрам - Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала бауырлас елдердің байланысын бекем етіп, Құдайдың мейірімі түскен халықтардың қатарынан еткей» делінген Өзбекстан мүфтиінің құттықтау хатында.