Сауат ашушылар арасында Құран жарысы өтті 5811

Сауат ашушылар арасында Құран жарысы өтті

11 қаңтар 2026 75 Оқу 1 минут

Қайырқожа мешітінде “Құран тәпсірі – 30 пара” дәрістерін қорытындылау және жамағаттың алған білімін бекіту мақсатында білім сайысы ұйымдастырылады.

Іс-шараға мешіт жамағаты белсенді қатысып, қойылған талаптарға сай дәрістер бойынша тәпсірлерді толық меңгергенін көрсетті. Қатысушылар Құран сүрелерінің мағынасын, түсу тарихын және тәпсірлік түсіндірмелерін сауатты әрі нақты түрде баяндап берді. Сонымен қатар қажетті аяттарды жатқа айтуда да жоғары дайындық танытты.

Білім сайысына төрелік еткендер:
• Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы — Қанат Қасымов
• Қайырқожа мешітінің бас имамы — Шыңғыс Ғалымжанұлы

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды:
• I орын — 30 000 теңге
• II орын — 20 000 теңге
• III орын — 10 000 теңге

Сондай-ақ, сайысқа қатысқан барлық жамағат мүшелеріне ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Іс-шараның өтуіне атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Пайдалы діни білім алып, оны қоғам игілігі мен ізгілік жолында пайдалану — әрбір мұсылманның борышы.

Алла разы болсын!