#Рамазан2026: Ырғызда «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды 6075

#Рамазан2026: Ырғызда «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

15 наурыз 2026 28 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ырғыз аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды. 

Игі шара аясында ауыл арасындағы тұрғындарға арнайы тегін такси қызметі көрсетіліп, олар ауыл ішіндегі қажетті бағыттарына ақысыз жеткізілді. Бұл бастама – Рамазан айындағы сауапты істерді арттыру, халыққа жанашырлық таныту және қоғамда мейірімділік пен өзара көмекті нығайту мақсатында жүзеге асырылды.

Шараның басты мақсаты – Рамазан айының рухани мәнін дәріптеу, халықтың алғысын алу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау деді имамдар. Тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі