Моңғолиялық ағайындар да алаңдаушылық білдіруде 1181

Моңғолиялық ағайындар да алаңдаушылық білдіруде

10 қаңтар 2022 135 Оқу 1 минут

Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Моңғолия мұсылмандарының жамағат болып дұға жасағанын хабарлады.

«Қазақ елінде болып жатқан жағдайды барлығымыз көріп, естіп, біліп отырмыз. Қаншама күннен бері ондағы ағайындармен де байланыс үзіліп, алаңдаудамыз. Тек біз ғана емес киіз тұғырлықты, тағдырлас моңғол ағайындар да алаңдаушылығын білдіруде. Ел іргесі тыныш, халық аман, бейбіт заман болсын!

Қолымыздан келері – жамағатпен дұға жасау. Тезірек тыныштық орнауын бір Алладан тілейміз!» - деді Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы.