Облыстың Бас имамы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында болды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ырғыз ауданына барған сапары аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында болды.
Облыстың Бас имамы мен ЖАНТ мүшесі, «Досжан Хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов табиғат мұражайы мен келушілер орталығымен танысты.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 763,5 га аймағында Ырғыз ауданының орналасқан. Бұл аумақтың биоалуантүрлілігі ерекше. Резерват аумағында сүтқоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтардың 10 түрі кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 32 түрі бар.
Резерват аумағы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің мекен ету орны.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру, бетпақдала популяциясының өкілі - киіктердің қоныс аудару, мекендеу орындарын (қыстау, жайлау, төлдеу) қорғау мақсатында құрылған ең ірі және жалғыз қатаң қорғалатын дала аумағының бірі.
Маусымдық қоныс аудару және түлеу кезінде мұнда кем дегенде 2-3 миллион суда жүзетін құстар мен су маңындағы құстар ұшады. Резерват флорасы 430 түрден тұрады. Табиғи резерват Торғай мемлекеттік табиғи қорығымен бөлінген Солтүстік және Оңтүстік аймақтық бөлімшеден тұрады. Солтүстік аймақтық бөлімге Олькейек тобының көлдері және Олькейек өзенінің алқабы кіреді. Оңтүстік өңірлік бөлімшеге халықаралық маңызды сулы-батпақты алқаптар, Торғай өзеніндегі көлдер жүйесі, Шалқартеңіз ойпаты, Шалқарнұр таулары, Торғай өзенінің сағасында орналасқан Құрдым, Қаракөл және Бақшакөл көлдері кіреді.
Резерват ашылған кезде яғни 2007 жылы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған.
Территориясының географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген. Олар «Атан басы» және «Алакөл» жүйелері. «Атан басы» жүйесі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оңтүстігі Қызылорда, шығысы Қарағанды, солтүстігі Қостанай облыстарымен шектеседі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































