Мешіт азаншысы діни сауаттың маңыздылығын түсіндірді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен өткен студенттерге арналған дөңгелек үстелге қатысты. Кездесу барысында болашақ мамандарға «Діни сауаттылық – қауіпсіздіктің басты белгісі» тақырында дәріс оқыды. Өздерінің игеріп жүрген мамандықтың білімімен қоса діни білімді де игеру өте маңызды іс екенін баяндап, салт пен діннің байланысы мен діни мәселелердің әр салада кездесетінін қалыпты жағдай екенін атап өтті. Сондықтан маман жан-жақты болуымен ерекшелену жат ағымға қарсы құрал екенін түсіндірді.