Наиб имам тәуелсіздік тақырыбында студенттермен кездесті 3150

Наиб имам тәуелсіздік тақырыбында студенттермен кездесті

21 желтоқсан 2023 3006 Оқу 1 минут

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңына орай С.Бәйішев атындағы медицина колледжінің студенттерімен кездесу өтіп, оған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб Ерәлі Құлмағанбетұлы арнайы қатысып, «Бейбіт елдің берекесі – жастар» атты тақырыпты жастарға атаулы күннің маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ азаттық таңына жетудегі жолың ауыр болғандығын тілге тиек еткен наиб имам: «Тәуелсіздік – бізге артылған үлкен аманат. Осы аманатты қиянат жасамай, сақтап қалу бүгінгі біздің, жастардың ең ұлы мақсаты болуы тиіс. Асыл дініміз де ел қадірін түсінуді, оған лайықты қызмет қылуды-мұмсылманның негізгі өмірлік миссияларынан деп көрсетеді. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Отанды сүю – иманнан»,- деп насихат еткен» деп түсіндіріп өтті.


Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға толықанды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі