14 дін қызметкері Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қасиетті үш айдың бірі – Шағбан айының алғашқы күнінде, қасиетті жұма күні, жұма намазған жиналған жамағат алдында облыстың Бас имамы Амантай Садиев 14 дін қызметкерін қара шаңырақ ҚМДБ-дың 35 жылдығына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан берілген алғыс хатпен марапаттап, қызметтеріне береке тіледі.
Айта кетсек, аталған марапат – ҚМДБ төрағасының шалғайдағы дін мамандарының діни салада жылдар бойы тынбай қажырлы еңбек еткендеріне құрметі.
«Асыл дініміздің абыройын асқақтатып, халқымыздың рухани дамуына сүбелі үлес қосып, ыждағатпен еңбек ету қашан да абзал іс екендігі сөзсіз. Сондықтан қоғамда иманды ұрпақ тәрбиелеуде дін қызметкерінің атқаратын рөлі айрықша.
Алла жолында аянбай қызмет етіп, сауапты істердің атқарылуына ұйытқы болып, имандылық бағытындағы ізгі істеріңіз үшін Сізге Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан айрықша алғысымды білдіремін!
Жаратқан Алладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, өміріңізге береке тілеймін! Әрбір игі ісіңізге Жаратушы Иеміз жар болып, мерейіңізді үстем еткей! Әмин!»,-делінген алғыс хат мәтінінде.
МАРАПАТТАЛҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:
Одан өзге марапатталған 14 дін қызметкеріне арнайы сыйақыда табысталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі