Ақтөбе: Қаланың Бас имамы жаңа мешіттердің құрылысымен танысты 3713

Ақтөбе: Қаланың Бас имамы жаңа мешіттердің құрылысымен танысты

21 қыркүйек 2024 286 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев өңірімізде бой көтеріп жатқан мешіттердің жұмыс барысымен танысты.

Ақтөбе қаласының Бас имамы «Нұр-сити» шағын ауданы, 41 разьезд және Баянауыл және Қурайлы ауылдарында жаңадан салынып жатқан құлшылық ордаларына арнайы барып, ондағы құрылыс жағдайын бақылады.

Жалпы өңірімізде жыл сайын дінге бет бұрып, имандылық жолды ұстанушылардың әсіресе, жастардың көбеюі мешіттердің көптеп салынуына себеп болуда. Өйткені, мешіттегі жамағат сыйымдылығын қанағаттандыру (әсіресе қасиетті Рамазан айында) қиынға соғып жатқандығы жасырын емес.

Сондықтан, аталған мәселенің оңтайлы шешілуіне жомарт азаматтар үлес қосып, Алланың үйі әр ауылда бой көтеру қажеттігін назарға алып, атсалысуда. Осындай игі істің сауабы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай деген: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ендеше, осындай сауапты іске мұрындық болған барша азаматтарға сансыз сауаптар тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі