Темір ауданына Бас имам тағайындалды 1815

Темір ауданына Бас имам тағайындалды

24 маусым 2022 385 Оқу 1 минут

Бүгін Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің Бас имамы болып Мейіржан Бердіқожин тағайындалды.
Ол – бұған дейін Қостанай облысы, Жітіқарара ауданында бас имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.
Мейіржан Қапарұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Білімі: Нұр-Мүбәрәк , Египет ислам мәдениеті университетін 2012-2016 жылдар аралығында тәмәмдаған.

Еңбек өтілі: 2016-2018 аралығында Қостанай облысына қарасты Құсмұрын ауылында бас имам;

2018-2021 жыл аралығында Қостанай облысы Жітіқара ауданында бас имам;

2022 жыл – Қостанай облыстық мешітте наиб имам.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін ауданның Бас имамы қызметін атқарған Дінислам Абдулин енді Кеңқияқ ауылындағы «Ырысты ана» мешітінің имамы ретінде қызметін жалғастырады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі