Шалқар: «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті 6337

Шалқар: «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті

13 мамыр 2026 11 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 18 отбасыға азық-түлік табысталды. 

«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа ешқашан мойымаңыздар. Отбасыларыңыздан елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін»,-деп Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков көпшілік қауымға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 18 отбасыға жалпы салмағы 180 кг құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шара барысында Абзал Медетбеков ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екенін атап өтіп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі