Темір: Ауданның жаңа Бас имамы тағайындалды 2902

Темір: Ауданның жаңа Бас имамы тағайындалды

01 қыркүйек 2023 515 Оқу 1 минут

Бүгін Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің Бас имамы болып Зарлық Ералин тағайындалды. Ол – бұған дейін Мәртөк ауданында бас имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері. 

Зарлық Аманұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазына жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Білімі: 

Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетін 2016-2020 жылдар аралығында тәмәмдаған.

Еңбек өтілі: 

2020-2023 жылдар аралығында Мәртөк ауданының Бас имамы.

 Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Темір ауданның Бас имамы қызметін атқарған Мейіржан Бердіқожин аталған мешіттің наиб имамы ретінде қызметін жалғастырады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі