«Қабақ баба» мешіті: Мектеп ұжымын мерекемен құттықтады
Қазан айының алғашқы мерекесі – Ұлағатты ұстаздар күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы Заречный-3 ықшам ауданында орналасқан жалпы білім беретін №63 орта мектепке арнайы барып, мектеп ұжымын мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында мешіт имамы жаңадан қызметке тағайындалған мектеп директоры Дарибаева Гульназияның жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ұлттық құндылықтар мен имандылықты дәріптеу бағытында мектеппен бірлесе атқаратын игі іс-шараларға сенім білдірді.
Асыл дінімізде білім берушінің мәртебесі қашан да биік саналған. «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген дана сөз де ұстазға құрметтің айрықша белгісі. Сондықтан осындай шаралар ұстаздардың еңбегін бағалаумен қатар, жас ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісіне дін мен білім саласының ортақ үлес қосуына жол ашады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































