Ақтөбеде Құранның 29, 30 парасынан жарыс өтті 5027

Ақтөбеде Құранның 29, 30 парасынан жарыс өтті

21 қараша 2025 156 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Ар-Рахим» мен «Сүлеймен ата» мешіттерінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты, дайындық курстар мен медресе шәкірттері арасында Құранның 29-3030 пара бойынша жарыс өтті.

Аталған бұл игі шара жас қарилардың арасындағы ынтымақты арттырып, Құранға деген сүйіспеншілікті күшейтуді мақсат етті.

Шара қасиетті Құран аяттарын оқып, бабаларымыздың рухына және жақында ғана елімізде орын алған қайғылы оқиға салдарынан Түркістан облысында дүниеден өткен бір отбасы мүшелеріне бағышталған дұғамен басталды

Жарыстың ресми ашылуында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли қатысушыларға сәттілік тілеп, Құранды дұрыс әрі көркем оқудың мұсылман өміріндегі орны мен маңызын атады. Құран жарыстары жастарды имандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынында баяндады.

Дода да Ақтөбе облысы өкілдігінде «Құран» секторының жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, облыстың бас қариы Бекжан қари Әлденов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетов, «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Хабиболла қари Раушан төрелік етті.

Әділ қазылардың шешімі бойынша қатысушылар арасындағы тартысты дода нәтижесінде 29-30 пара бойынша Жетпісбай Ерасыл 1 орын, Мақаш Азиз 2 орын, Нұрымбетов Сұлеймен 3 орынды иеленді. Ал 30 пара бойынша Серікбаев Ерсұлтан 1 орын, Абдулла Айбатыр 2 орын, Бақытжанұлы Мұхаммад 3 орынды алды. Жарыс қорытындысында жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі