#Рамазан2026: Дін жанашырларын марапаттады 6030

#Рамазан2026: Дін жанашырларын марапаттады

05 наурыз 2026 15 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданының Бас имамы Мұхаммедиисмаил Шадман қасиетті Рамазан айында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып, игі істерді қолдаған дін жанашырларын марапаттады.

Шара барысында мешіт қабырғасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан рухани-танымдық, тәрбие бағытындағы және қайырымдылық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып жүрген дін жанашырларына алғыс хат табысталып, «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар мен ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналын сыйлады.

Ауданның Бас имамы жамағаттың ынтымағы мен бірлігі, сондай-ақ мешіт жанашырлары ортақ істерге белсенді араласуы мешіт қызметінің дамуына және діни сауаттың артуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі